Ramada by Wyndham Shymkent мейрамханасы
Кәсіби аспаздар командасы Сізді MADO мейрамханасында шынайы түрік және еуропалық асхананың дәмін татуға шақырады. Ramada by Wyndham Shymkent қонақүйінде орналасқан MADO мейрамханасы іскерлік кездесулер мен кешкі асқа, сондай-ақ салтанатты іс-шаралар мен отбасылық мерекелерді өткізуге өте қолайлы.
Қонақтарға түрік асханасының танымал гастрономиялық хиттері ұсынылады: нағыз мараш балмұздағы, пахлава, кюнефе, кебабтар, мезе, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сай дайындалған еуропалық тағамдар. Мейрамхана мәзірі ең талғампаз гурмандар мен шынайы түрік дәстүрлерін бағалайтын жандардың көңілінен шығады.
MADO мейрамханасының жұмыс уақыты: күн сайын 09:00-ден 24:00-ге дейін.
Сонымен қатар, Сіз жайлы атмосферадағы Agora лобби-барында хош иісті түрік кофесінің бір шыныаяғын, фирмалық десерттер мен балмұздақты жанды фортепиано әуенінің сүйемелдеуімен тамашалай аласыз.
Agora лобби-барының жұмыс уақыты: тәулік бойы.
